50 iPhone таратып, ең танымал жұлдыздармен той жасаған атыраулық олигарх жұртты таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

50 iPhone таратып, ең танымал жұлдыздармен той жасаған атыраулық олигарх жұртты таңғалдырды Видео кадрлары

Атыраудағы үйлену тойларының бірінде той қонақтарына 50 iPhone ұялы телефонын таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудағы үйлену тойларының бірінде той қонақтарына 50 iPhone ұялы телефонын таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы той ұйымдастырушысы, асаба Руслан Ысқақов айтып берді. Асабаның айтуынша, той осыдан екі апта бұрын Атырау қаласында болған.

"Иә, шынымен де ондай той болды. Тойды басынан аяқ өзім ұйымдастырып, басқардым. Шоу-бағдарлама бойынша 70-ке жуық шоу-балет өкілдері мен қазақ эстрада жұлдыздары болды", - дейді Руслан.

Асабаның айтуынша, тойда қазақ эстрада жұлдыздарының ішінде Қайрат Нұртас, "Арнау" тобы және  Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсеткен. Сондай-ақ тойда iPhone ұялы телефонынан бөлек басқа да бағалы сыйлықтар таратылған. 

"Тойда шамамен 400 адамдай болды. 50-ге жуық адамға iPhone берді. Оның ішінде тойда белсенді болып, жақсы көзге түскен той қонақтарына таратты. Одан бөлек қысқатолқынды пеш, шаңсорғыш, кір жуғыш машина, плазмалық теледидар, ноутбук берді", - дейді Руслан. 


Руслан Ысқақов © instagram.com/iskakov_showman

Руслан Ысқақовтың сөзінше, оның басқаруында мұндай ерекше тойлар жиі болып тұратын көрінеді. 

"Мысалы Алматы қаласында басқарған той қонақтарының ішінде шамамен 200 миллион теңге тұратын соңғы үлгідегі Maybach неміс автокөлігін ойнатқан. Оны ең белсенді қонаққа берді", - дейді асаба.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 1
Астана -3
Актау 2
Актобе -3
Атырау 0
Б
Балхаш -1
Ж
Жезказган -2
К
Караганда -1
Кокшетау -2
Костанай 3
Кызылорда -3
П
Павлодар -2
Петропавловск -4
С
Семей 1
Т
Талдыкорган 1
Тараз 6
Туркестан -1
У
Уральск -3
Усть-Каменогорск 8
Ш
Шымкент -6

 

Редакция Реклама
Социальные сети