Қазақстанда кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады

Елімізде кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елімізде кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берген. Нәтижесінде ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдаған.

"Біріншіден, шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі:

  • 2020 жылдың 26 қазанынан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;
  • Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;
  • шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу", - делінген хабарламада.

Екіншіден, 2020 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстандағы көптеген өңірлік зертханада ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Үшіншіден, ауру өсімі болмаған жағдайда, "жасыл" тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандырылады.

"2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Ал 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды", - делінген хабарламада.

Төртіншіден, еліміздегі шектеу шараларын сақталады.

"Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 461.92   542.38   6.16 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +14
Астана +12
Актау +9
Актобе +4
Атырау +13
Б
Балхаш +14
Ж
Жезказган +14
К
Караганда +9
Кокшетау +4
Костанай +15
Кызылорда +14
П
Павлодар +8
Петропавловск +13
С
Семей +12
Т
Талдыкорган +15
Тараз +16
Туркестан +7
У
Уральск +9
Усть-Каменогорск +16
Ш
Шымкент +14

 

Редакция Реклама
Социальные сети