Димашты қатты жақсы көремін - Kain Rivers. Ләйлә Сұлтанқызымен The Эфир

Димашты қатты жақсы көремін - Kain Rivers. Ләйлә Сұлтанқызымен The Эфир

14 жасында 50 авторлық әні бар Kain Rivers Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды.

Белгілі әнші сұхбатында Қазақстан жайлы, танымалдық және шығармашылыққа қалай келгені туралы сұрақтарға жауап берді. Айтуынша, ол 3 жасынан ән айта бастаған.

Бұдан бөлек, әнші қазақстандық Димаш Құдайберген, Данэлия Төлешова, Jah Khalib Бақтияр Мамедовқа қатысты ойын айтты. "Олардың дауыстары ерекше. (...) Маған адамдардың ешкімге ұқсамайтын индивуал болғаны ұнайды. Олардың әрқайсының өз бағыты бар. Димашты қатты жақсы көремін, сыйлаймын. (...)", - дейді Kain Rivers.

Сондай-ақ, ол сұхбатында қандай фильмдерге түскені және қандай жанрлардағы әндерді ұнататыны жайлы айта отырып, жоспарларын бөлісті.

Kain Rivers - орыс, украин, ағылшын, испан, қытай тілдерінде ән айтатын жас жұлдыз. "Новая Волна", "Детское Евровидение", "Голос. Дети" байқауларының финалисі.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная