Жайдарманшы Роналду, Нурмагомедов және МакГрегормен "видео арқылы сөйлесті"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайдарманшы Роналду, Нурмагомедов және МакГрегормен "видео арқылы сөйлесті"

Жайдарманшы, "Сағыз" командасының мүшесі Қуаныш Кеңес Криштиану Роналду, Хабиб Нурмагомедов және Конор МакГрегормен "видео арқылы сөйлесіп", жұртты күлкіге қарық қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайдарманшы, "Сағыз" командасының мүшесі Қуаныш Кеңес Криштиану Роналду, Хабиб Нурмагомедов және Конор МакГрегормен "видео арқылы сөйлесіп", жұртты күлкіге қарық қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қуаныш Кеңес танымал тұлғалармен видеобайланыс арқылы сөйлесіп жатқандай кейіп танытады. Криштиану Роналду, Хабиб Нурмагомедов және Конор МакГрегор оған шынымен жауап беріп жатқандай монтаж жасалған. Хабиб Нурмагомедовпен түсірген видеосы ең көп қаралым жинаған: 298 мың. МакГрегормен сөйлескені 255 мың, ал Роналдумен түсірген видеосы 236 мың қаралым жинаған.     

Қуаныштың айтуынша, мұндай форматтағы видео түсіру туралы ой танымал адамдардың Instagram желісіндегі видеосын көргеннен кейін туған. Видеода ол танымал адамдармен видеобайланыс арқылы сөйлескендей кейіп танытады. Атақты адамдар оған жауап бергендей монтаж жасалған. 

"Түсіріп көрдім де Instagram-дағы парақшама жүктегенмін. Аз уақытта көп қаралым жинады. Мен видеоның жақсы тарап кететінін білмедім, қызық үшін түсіргенмін. Тіпті WhatsApp-тан өзіме келіп жатты. Тез арада өте қатты тарап кетті", - дейді жайдарманшы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақ Тіліндегі Парақша?? (@azilbrat)

Қуаныштың айтуынша, видеоны түсіріп, оны парақшасына жүктеу шамамен бір күн уақытын алады екен. 

"Видеоны монтаждау мен оны ойластыруды қосқанда 1 күн уақыт кетеді. Сосын 1-2 досыма жіберіп, реакциясын байқап көремін. Оларға өтсе, халыққа да өтеді деп ойлаймын. Біріншісі жақсы өтті, екіншісі одан төмен болатын шығар деп ойлағанмын. Керісінше, алдыңғысынан қатты өтті, үшіншісі екеуінен асып түсті. Енді төртіншісі керек емес деп шештім. Осындай әдемі қалсын дедім", - дейді Қуаныш. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????? ????? (@kuanysh_kenes)

"Нағашым, ойнаймын ғой. Бұл кісіні күлдіру қиын. Түсінбей қалған сияқты, телефон тастап жіберіп, қашып кеткенсің ғой", - деп жазды Қуаныш. 

Жайдарманшы әлі де қызық идея келіп жатса міндетті түрде видео түсіретінін айтады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????? ????? (@kuanysh_kenes)

"Мен видео түсіріп салған танымал адамдар өзін көрген сияқты. Себебі көп адам оларды белгілеп жатты. Тек ішінде Хабибтан қатты қорқып, азырақ салдым. Қалған екеуі алыстағы адамдар ғой", - дейді Қуаныш. 

Желі қолданушылары да әзілкештің видеоларына тәнті болған. 

"Ұйқастырып, күшті істегенсің, мықты", "Негізі үшеуі де өтті, тағы түсірші", "Шынымен сөйлестің бе?", "Мынаны шын деп қалдым", - дейді оқырмандар.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы -1
Астана -4
Актау 2
Актобе -3
Атырау -1
Б
Балхаш 0
Ж
Жезказган -3
К
Караганда -2
Кокшетау -2
Костанай 1
Кызылорда -2
П
Павлодар -2
Петропавловск 0
С
Семей -2
Т
Талдыкорган 2
Тараз 4
Туркестан 0
У
Уральск -3
Усть-Каменогорск 6
Ш
Шымкент -3

 

Редакция Реклама
Социальные сети