"Бәрімізді жылатты". Сәкен Майғазиев кастингке қатысқан қыздың видеосын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәрімізді жылатты". Сәкен Майғазиев кастингке қатысқан қыздың видеосын жариялады Видео кадрлары

"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің Алматыдағы өнер мектебінде жүріп жатқан іріктеу кезеңінің кастингіне келген қыз қазылар алқасын жылатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің Алматыдағы өнер мектебінде жүріп жатқан іріктеу кезеңінің кастингіне келген қыз қазылар алқасын жылатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәншүк Мәметованың анасымен қауыша алмай қалғандағы монологын оқыған қыз видео ортасында сөзін ұмытып қалады. Алайда осы кезде Сәкен Майғазиев оған қолдау білдіріп, шапалақ ұрады.

Роликтегі қыздың есімі Айым, жасы жетіде екен. Биыл ол 2-сыныпқа көшіпті. Оның анасы Instagram желісіндегі парақшасында қызының іріктеу кезеңінен өткенін хабарлап, сүйінші сұраған. "Аллаға шүкір. Айым қыздарыңыз іріктеуден өтті. Құттықтай берсеңіздер болады", - деп жазба қалдырған Жазира Мешітбаева. 

Қазылар алқасында Сәкен Майғазиевтан бөлек әнші Маржан Арапбаева да болған. 

"Бәрімізді жылатты. Өнерің өрге бассын, балапаным", - дейді жазбасында Сәкен Майғазиев. 


Сәкен Майғазиев пен Айым © instagram.com/meshitbaevazhazira

Желі қолданушылары да таңғалыстарын жасыра алмады. 

"Шошып кеттім, даусы театрға арнайы қойылғандай жылап шыққанда. Аман болсын!", "Туа біткен актриса бір минутта көзден жас шығарды. Аман бол балапан", - дейді желі қолданушылары. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 0
Астана -3
Актау 2
Актобе -3
Атырау 0
Б
Балхаш -1
Ж
Жезказган -3
К
Караганда -2
Кокшетау -1
Костанай 3
Кызылорда -2
П
Павлодар -2
Петропавловск -1
С
Семей 0
Т
Талдыкорган 2
Тараз 5
Туркестан -1
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 7
Ш
Шымкент -3

 

Редакция Реклама
Социальные сети