"Әкем анамды ұрмаса екен". Баланың тілек хаты жұрттың көңілін босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әкем анамды ұрмаса екен". Баланың тілек хаты жұрттың көңілін босатты Иллюстрациялық сурет. © HotGEO

Әлеуметтік желілерде Аққали есімді баланың тілек хаты түсірілген сурет таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Аққали есімді баланың тілек хаты түсірілген сурет таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бала хатында әкем анамды ұрмаса екен деген тілек айтады.

"(...) Өзіміздің үйіміз болса екен. Әкем тез жұмысқа орналасса екен. Анам тез айлық алса екен. Мен бесінші сыныпқа өтсем екен. Әпкем тесттен жүз балл алып, тех мектепті бітірсе екен. Әлемдегі ең бақытты отбасы болып кетейік. Анамның құрсағындағы сәби тәуір болып дүниеге келсе екен", - деп тілек жазылған таралған хатта. 


Әлеуметтік желілерде тарап жатқан хат

Желі қолданушылары оның тілегіне тәнті болып, бірі жаны ашығанын жазса, екіншісі көмек қолын созуға даяр екенін айтыпты. 

"Аққали отбасын ортаға алып. Рух беріп, көмек беріп атсалысу керек, қалай ойлайсыздар, оның күтіп отырған көмегі біз сияқты көзі ашық, жүрегі ашық адамдар аркылы жетістикке жетеді. Ат салысайық халайық!", "Ойлаған арман мақсатың,тілегің қабыл болсын!!!", "Тілегің қабыл болсын сенің кішкентай жүрегіңнен шыққан Тілегіңе тілектеспін жаным, амин дейік" деп пікір қалдырған қолданушылар.

Пікір жазғандардың бірі бүгін, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні екенін еске салды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы -3
Астана -15
Актау 1
Актобе -11
Атырау -4
Б
Балхаш -12
Ж
Жезказган -18
К
Караганда -15
Кокшетау -16
Костанай -9
Кызылорда -19
П
Павлодар -13
Петропавловск -17
С
Семей -9
Т
Талдыкорган -5
Тараз 4
Туркестан -6
У
Уральск -14
Усть-Каменогорск 4
Ш
Шымкент -13

 

Редакция Реклама
Социальные сети