Әнші Шахизада тұрмысқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Шахизада тұрмысқа шықты Фото: instagram.com/shahizada.art

Әнші Шахизада тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Шахизада тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қуанышты хабарды әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. 

"Аллаға шүкір. Бүгін біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды, адамның көңілі қартаймайды. Достарым, сіздерге мың алғыс. Жақсы таза көңіл тілектеріңізге, бақытты болыңыздар, жақсыларым", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)

Алайда әнші сүйіктісінің кім екенін көрсетпеген. Дегенмен Шахизаданың оқырмандары әншінің қуанышты хабарын естіп, тілек білдіріп жатыр. 

"Өте дұрыс! Жалғыздық құдайға ғана жарасқан!", "Махаббат жас талғамайды. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Дұрысы сол өзгеру керек. Бала-бала деп, ертең қартайғанда шүйіркелесіп, шай ішіп отыратын жар керек", "Құтты болсын! Қуаныш, той көп болсын. Аттаған ақ босағаңыз құтты, жайлы, берекелі, ырысты, несібелі болсын. Бақыттарыңыз баянды болсын. Ұстасқан қолдарыңыз ажырамай мәңгілік болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақтарыңыз бақытқа толы болсын", - деп жазды әншінің оқырмандары. 

Айта кетейік, Шахизада Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының тумасы. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы құрметті азаматы орденінің иегері. 

Әншінің "Жан жарым", "Мен саған ғашық едім", "Қайран уақыт", "Саған ғана", "Ойымдасың" атты әндері жұртшылыққа кең таралған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 1
Астана -3
Актау 2
Актобе -3
Атырау 0
Б
Балхаш -1
Ж
Жезказган -2
К
Караганда -1
Кокшетау -2
Костанай 3
Кызылорда -3
П
Павлодар -2
Петропавловск -4
С
Семей 1
Т
Талдыкорган 1
Тараз 6
Туркестан -1
У
Уральск -3
Усть-Каменогорск 8
Ш
Шымкент -6

 

Редакция Реклама
Социальные сети