"Поле чудес" телеойынында "Сарыжайлау" әні орындалды

Видео кадры

Әйгілі "Поле чудес" телеойынында "Сарыжайлау" әні орындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әйгілі "Поле чудес" телеойынында "Сарыжайлау" әні орындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кеше, 15 қаңтарда телеойынның кезекті шығарылымы шықты. Оған Саратов облысы, Пугачевский ауданының тұрғыны Альбина Сейтқалиева қатысып, жүргізушіге сыйлықтарын ұсынды.

Одан бөлек, 12 жастағы Эльвира Газизуллина Альбина Сейтқалиеваның атынан шығып, ән шашу арнады. Ол ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған, композитор Нұрғиса Тілендиевтің "Сарыжайлау" әнін орындады. 

Реклама
Реклама

13.10 бастап көруге болады

Бағдарлама жүргізушісі Леонид Якубович жас талантты мақтап, сәттілік тіледі. Ал Альбина Сейтқалиева алғашқы үш ойыншы ішінде финалға шықты. Ол финалға жеткенімен, жеңіске қол жеткізе алмады. 

Айта кетейік, "Поле чудес" - 1990 жылдан бері эфирге шығып келе жатқан ресейлік телеойын. Бағдарламаның көркемдік жетекшісі және жүргізушісі - Леонид Якубович. Америкалық "Колесо Фортуны" телевизиялық бағдарламасының аналогы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news16
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама