Қытайда медицина мамандарының ауру жұқтыру дерегі қалай азайды?

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда медицина мамандарының ауру жұқтыру дерегі қалай азайды? Фото: businessinsider.com

Қытай дәрігерлері медицина қызметкері арасында коронавирус жұқтыру дерегін қалай азайтуға болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай дәрігерлері медицина қызметкері арасында коронавирус жұқтыру дерегін қалай азайтуға болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэннің айтуынша, Қытайда қауіпті вирусты 3 387 медицина қызметкері жұқтырған.

"Оның 90 пайызы - Ухан қаласының медицина қызметкерлері. Олар індет өршіп тұрған кезде ауырған. Медицина қызметкерлеріне аурудан қалай қорғану қажеті үйретілді. Профилактика шаралары күшейтілді. Олар тиісті материалдық құралдармен қамтамасыз етілді. Осындай шаралар нәтижесінде дәрігерлердің арасында ауруды жұқтыру дерегі азайды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ қытайлық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Лу Сяобо коронавирус жұқтырғандардың қалай емделетінін айтты.

"Ауруды ерте анықтау шарт. Кейін адамды карантинге жатқызу керек. Екіншіден, індетті жұқтырған адамның кіммен байланыста болғанын анықтау маңызды. Ауруды анықтайтын тестілерді шығарып, зерттеу жұмысын жүргізу шарт", - деді дәрігер.

Лу Сяобо індетті анықтаудың екі жолы барын атап өтті. Ол - ПЦР, IGG және IGM тестілері.

"Ауруды емдеу жолына тоқталайын. Бұл - науқастың қандай аурулармен ауырғанын зерттеу. Оның денсаулық жағдайына мән беру. Сондай-ақ науқастың дене температурасы көтерілген-көтерілмегенін бақылау қажет, әрі қан анализі алынады", - деді ол.

Айта кетейік, кеше елімізге Қытайдан дәрігерлер ұшып келгені хабарланған. Бүгін олар қазақстандық дәрігерлермен тәжірибе бөлісті.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 802-ге жетті. 61 науқас аурудан жазылды, 9 адам қайтыс болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 5
Астана -1
Актау 1
Актобе -1
Атырау 0
Б
Балхаш 0
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -11
Кокшетау -4
Костанай 1
Кызылорда -7
П
Павлодар -15
Петропавловск -2
С
Семей 0
Т
Талдыкорган 5
Тараз 5
Туркестан 2
У
Уральск -1
Усть-Каменогорск 6
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети