Коронавирустан қайтыс болған әйел қалай жерленеді?

Фото: Tengrinews.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің қалай жерленетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің қалай жерленетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен ол журналистер қауіпті індеттен қайтыс болған адамның қалай жерленетінін сұрап жатқанын атап өтті.

"Бүгін кешке немесе ертең таңертең бас санитар дәрігердің ресми қаулысы шығады. Онда қатаң сақталуы керек ереже көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеті туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертуді әзірледі", - деді ол.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны  жетті. 2 науқас қауіпті індеттен жазылды, ал 1 адам қайтыс болды.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылған еді.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама