Қордайдағы қақтығыс: Роза Рымбаева қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордайдағы қақтығыс: Роза Рымбаева қазақстандықтарға үндеу жасады Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығысқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығысқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші көп ұлтты ауылда туып-өскенін атап өтті.

"Мен көп ұлтты ауылда туып-өстім. Әр түрлі ұлт өкілдерінен болған көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрдік. Меніңше, бір ауылда тұратын көршілер ұлтқа бөлінбестен бір-біріне мейірімді болып, құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білуі керек. Көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел екендігімізді ұмытпайық", - деп жазды Рымбаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол түсініспеушілік, дау-дамай ешкімге жақсылық әкелмейтінін, сондықтан қазақстандықтарды ақылды болуға, араңдатуға жол бермеуге шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мен көп ұлтты ауылда туып өстім. Әр түрлі ұлт өкілдерінен болған көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрдік. Меніңше, бір ауылда тұратын көршілер ұлтқа бөлінбестен бір-біріне мейірімді болып, құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білу керек. Көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел екендігімізді ұмытпайық. Түсініспеушілік, дау-дамай ешкімге жақсылық әкелмейді, ақылды болайық, араңдатушылыққа жол бермейік.

Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva)

Масанчидегі қақтығыстан қаза тапқандардың тізімі жария болды

Еске салайық, 7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындардың арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылықтан туған қақтығысты арандатқысы келгендер туралы айтты. Қордай ауданындағы оқиғаның салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 40 адам зардап шеккен.

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 461.92   542.38   6.16 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +20
Астана +15
Актау +14
Актобе +10
Атырау +9
Б
Балхаш +20
Ж
Жезказган +17
К
Караганда +15
Кокшетау +16
Костанай +23
Кызылорда +18
П
Павлодар +13
Петропавловск +25
С
Семей +21
Т
Талдыкорган +17
Тараз +22
Туркестан +8
У
Уральск +27
Усть-Каменогорск +19
Ш
Шымкент +14

 

Редакция Реклама
Социальные сети