Қазақстанда "Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарналары қашан іске қосылатыны айтылды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарналары қашан іске қосылатыны айтылды Фото: ztb.kz

Қазақстанда екі телеарна көрсетіле бастайды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда екі телеарна көрсетіле бастайды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аида Балаеваның айтуынша, "Абай ТВ" арнасы ертеңнен бастап көрсетіледі.

"Қазір жаңа екі телеарна ашу мәселесі қарастырылып жатыр. "Абай ТВ", "әл-Фараби" телеарнасы. "Абай ТВ" телеарнасы ертең - 30 маусымда көрерменге жол тартады. Ол "Қазақстан" ТРК" құрамына кіреді және  отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады. Екінші тележоба "әл-Фараби" телеарнасы, "Хабар" телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. "Әл-Фараби" телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады. 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған телеарна болады. Пандемия кезінде мұндай телеарнаның өзектілігі білінді", - деді министр ОКҚ алаңында.

Сондай-ақ ведомство басшысы 42 отандық телесериал түсірілетінін атап өтті. Олар негізінен отбасылық құндылықтар, волонтер қызметі, педагог, дәрігер, полицейлердің имиджін көтеру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайды.

Еске салайық, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ведомствоның өткен жылы атқарған жұмысы туралы халық алдында онлайн есеп беріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 2
Астана -3
Актау 1
Актобе -1
Атырау 1
Б
Балхаш 2
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -2
Кокшетау -2
Костанай 3
Кызылорда -3
П
Павлодар -8
Петропавловск -1
С
Семей -1
Т
Талдыкорган 7
Тараз 8
Туркестан 0
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 8
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети