Карантин: министр ата-аналарды еңбек демалысына жіберуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин: министр ата-аналарды еңбек демалысына жіберуді сұрады Фото: ОКҚ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантинге байланысты ата-аналарды ақылы еңбек демалысына жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантинге байланысты ата-аналарды ақылы еңбек демалысына жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланатынын атап өтті. Осы орайда ол жұмыс берушілерге өз өтінішін айтты.

"Келесі шара - жұмысшыларды ақылы еңбек демалысына жіберу. Барлық мекемені осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Жұмыс істеп жүрген кез келген азамат жылына бір рет ақылы еңбек демаласына шығады. Мүмкіндік болса, барлық мекеме, ұйым, жұмыс беруші жұмыс орнын сақтау мақсатында жұмысшыларды ақылы еңбек демаласына жіберуді сұраймыз", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда Біржан Нұрымбетов бірінші кезекте ата-аналарды ақылы еңбек демалысына жіберу керегін айтты.

"Әсіресе, бұл бала күтімімен үйде отаратын ата-аналарға қатысты. Егер балаға күтім қажет болса, оларды ақылы еңбек демаласына жіберулеріңізді сұраймыз. Жұмыс беруші отбасында жұмыссыз азамат бар-жоғы туралы анықтаманы сұрауға құқығы бар", - деді министр.

Сонымен қатар ол Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты балабақшалардың да жұмысы тоқтайтынын атап өтті.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 35-ке жетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 3
Астана -6
Актау 2
Актобе -1
Атырау 1
Б
Балхаш -4
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -15
Кокшетау -11
Костанай -1
Кызылорда -12
П
Павлодар -19
Петропавловск -3
С
Семей 0
Т
Талдыкорган 4
Тараз 3
Туркестан 0
У
Уральск -3
Усть-Каменогорск 4
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети