Желіде қапшағайлық дөрекі полицейдің видеосы талқыланып жатыр

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қапшағайлық дөрекі полицейдің видеосы талқыланып жатыр Видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желілерде терезесі толық күңгірттенген полиция автокөлігінің видеосы талқыланып жатыр. Алматы облысы Полиция департаменті оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде терезесі толық күңгірттенген полиция автокөлігінің видеосы талқыланып жатыр. Алматы облысы Полиция департаменті оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрлардан терезесі толық қараңғыланған полицейдің көлігін көруге болады. Видеоны түсіріп тұрған ед адам оған қарай жақындап келе жатқан полицейге ескерту жасайды, ал ол "телефоныңды алшы, жарықты бетке жақпай" деп телефонын қағып жібереді. Кадрлардан полицей ер адамдармен дөрекі сөйлескенін көруге болады. Видео сипаттамасында оқиға Қапшағайда болғаны жазылған.

"Қапшағайдағы заңсыздық, барлығына айыппұл салады, ал өздері көлігін толық қараңғылап алған", - деп жазылған Instagram-дағы 100baksoff_rulit парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Казахстан| Алматы |Астана (@100baksoff_rulit)

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер видеодағы тәртіп сақшысы Қапшағай қаласы ПБ патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы екенін хабарлады.

"Алматы облысы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықталған бейнежазба негізінде Қапшағай қаласы ПБ патрульдік полиция взводының қызмет инспекторына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттаманың толтырылғанын хабарлайды", - деді полиция өкілдері.

Оған қоса, қазіргі таңда полиция қызметкерінің тұрғындармен тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасамау дерегі бойынша қызметтік тексеріс тағайындалған.

"Тікелей басшылық тарапынан қарамағындағы қызметкерлерге тиісті бақылаудың болмауы мәселесі тәртіптік негізде қаралады", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 2
Астана -3
Актау 1
Актобе -1
Атырау 1
Б
Балхаш 2
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -2
Кокшетау -2
Костанай 3
Кызылорда -3
П
Павлодар -8
Петропавловск -1
С
Семей -1
Т
Талдыкорган 7
Тараз 8
Туркестан 0
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 8
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети