"Жаназаға бармаңыздар". Қайрат Жолдыбайұлы халыққа үндеу жасады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жаназаға бармаңыздар". Қайрат Жолдыбайұлы халыққа үндеу жасады © Тұрар Қазанғапов

"Қазір жаназа көп, құрметті ағайындар, ет жақыны болмасаңыздар, жаназа рәсімдеріне бармаңыздар". Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы қазақстандықтарға осындай үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазір жаназа көп, құрметті ағайындар, ет жақыны болмасаңыздар, жаназа рәсімдеріне бармаңыздар". Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы қазақстандықтарға осындай үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ардақты ағайындар! Қазіргі індетке байланысты мен сіздерге маңызды бір үндеу тастағым келіп отыр. Жаназа көбейді. Күн сайын қаралы хабарды естіп, жүрегіміз ауырып, көңіліміз құлазып, қабырғамыз қайысуда. Өкінішке орай, әлі күнге дейін ауыл-ауылда, тіпті қалаларда құдалық сияқты той-томалақ әлі үзілмей тұр, жалғасып жатыр. Соны доғарыңыздар. Болмайды... Себебі сол құдалыққа, сол қуанышқа келген кісілердің арасынан осынау дертке шалынып, қаншама адам мына дүниемен қоштасып жатыр. Сондықтан тойды, томалақты, құдалық сияқты рәсімдерді доғарыңыздар. Қазір жаназа көп, құрметті ағайындар, ет жақыны болмасаңыздар, жаназа рәсімдеріне бармаңыздар", - деді Қайрат Жолдыбайұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

Дінтанушы жақынынан айырылған қазақстандықтарға туыстарына "сіздерді түсінеміз, жаназаға келмей-ақ қойыңыздар" деп айтуын сұрады.

"Құрметті жаназа иелері, ағайын-туысқа айтыңыздар: "біз сіздерді түсінеміз, жаназаға келмей-ақ қойыңыздар. Мына індет біткеннен кейін, өлімге қатысты барлық рәсімді жасаймыз, сол кезде келесіздер" деп айтыңыздар. Құрметті ағайындар, аз ғана қазақ қырылып қалмасын десек, той-думанды, құдалық сияқты рәсімдерді тоқтатыңыздар. Жаназаға бармаңыздар", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Жолдыбайұлы (@kairatzholdybaiuly)

Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар және пневмониямен ауырып жатқандар саны көбейді. Сол себептен карантин шаралары күшейтілді, азаматтар қашықтық сақтап, санитарлық шараларды орындау керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 2
Астана -3
Актау 0
Актобе -2
Атырау 0
Б
Балхаш 1
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -3
Кокшетау -2
Костанай 2
Кызылорда -4
П
Павлодар -11
Петропавловск -3
С
Семей -1
Т
Талдыкорган 4
Тараз 5
Туркестан -1
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 7
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети