Байзақтағы жарылыс: әскери бөлімше жауынгері тауға кетіп қалған болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байзақтағы жарылыс: әскери бөлімше жауынгері тауға кетіп қалған болуы мүмкін Фото: Aibat

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде бір жауынгер бой тасалап тауға кетіп қалған болуы мүмкін. Тауды бетке алып бара жатқан әскери формадағы адамды жақын маңда қой бағып жүрген шопан көріпті. Ақпаратты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев Aibat жаңалықтар қызметінің тілшісіне берген сұхбатында растаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде бір жауынгер бой тасалап тауға кетіп қалған болуы мүмкін. Тауды бетке алып бара жатқан әскери формадағы адамды жақын маңда қой бағып жүрген шопан көріпті. Ақпаратты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев Aibat жаңалықтар қызметінің тілшісіне берген сұхбатында растаған. 

Із-түссіз жоғалған әскери бөлімшенің 34 жастағы жауынгері Бауыржан Дәуітбаевты іздеуге жүз адам жұмылған. Атқамінерлердің сөзінше, жауынгер контузия алып, есін білмеуі мүмкін. Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімшенің өрт сөндіру жасағына жетекшілік етіп, алдыңғы шепте болған. Ешқайда бұрылмастан тау жоталап жоғары кете барған әскери шопанның шақырғанына елең етпеген.

"Мәлімет түскен болатын, бір кісі сыртта әскери форма киіп, құлағын жауып тауға қарай жүрген. Соған байланысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 100-ге жуық адам жараланып, 15 адам қайтыс болды. 

Жамбылдағы жарылыс: қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттаған. Ал Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 31 тамызда отставкаға кеткен еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 2
Астана -11
Актау 2
Актобе -8
Атырау 0
Б
Балхаш -5
Ж
Жезказган -7
К
Караганда -18
Кокшетау -15
Костанай -2
Кызылорда -15
П
Павлодар -22
Петропавловск -4
С
Семей 0
Т
Талдыкорган 2
Тараз 1
Туркестан -8
У
Уральск -5
Усть-Каменогорск 3
Ш
Шымкент -1

 

Редакция Реклама
Социальные сети