Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды Азамат Сатыбалды. Фото: instagram.com/azamatc

Актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!", - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014 жылы), Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002), Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

1997 жылы Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, 2000 жылы Қостанай облыстық драма театрына дипломдық қорғауға жіберілді.

2001 жылы диплом алып, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актер болып орналасады.

2018 жылдың 27 желтоқсанынан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды. 

2017 жылы "Cinema 28" киностудиясын және 28 THEATRE атты жеке театрын ашты. Театрдың алғашқы қойылымы режиссер Айдын Сахаманның Михаил Задорновтың дәл осындай комедиясынан сахналанған "Продайте своего мужа" спектаклін қойды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 2
Астана -4
Актау -1
Актобе -2
Атырау 1
Б
Балхаш 1
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -3
Кокшетау -2
Костанай 2
Кызылорда -3
П
Павлодар -10
Петропавловск -2
С
Семей -1
Т
Талдыкорган 4
Тараз 3
Туркестан -1
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 7
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети