Ардагер жастардың әскерге баруға құлықсыз екенін айтып қынжылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ардагер жастардың әскерге баруға құлықсыз екенін айтып қынжылды

Бүгін 7 арнада "Отан қорғауға дайынсыз ба?" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасында ауған соғысының ардагері Амангелді Әбдіхалықұлы жастардың әскерге барып, борышын өтеуге құлықсыз екенін айтып, қынжылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнада "Отан қорғауға дайынсыз ба?" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасында ауған соғысының ардагері Амангелді Әбдіхалықұлы жастардың әскерге барып, борышын өтеуге құлықсыз екенін айтып, қынжылды.

Бағдарламада студияға қонақ болып келген жігіт әскерге барып уақытын жоғалтқысы келмейтінін ашық айтады "Одан да 365 күнімді 365 іспен айналыссам, сол Отаныма қол ұшымды тигізгенім. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, - деді Нұрсейіт есімді жігіт. 

"Сен бармасаң, анау бармаса, немерем бармаса кім барады әскерге сонда, одан да. Қолыңа мылтық ұстап, Отан алдындағы борышыңды әскерге барып өте!", - деп  ашуланды ардагер.

Біліммен ғана биікке жетіп, білімді болып ел қорғауға да болатынын алға тартқан Нұрсейітті қолдағандар да, қолдамағандар да өз ойын ортаға салды. Алайда, Нұрсейіт өзі білім алып жатқан ЖОО-да әскери кафедрада оқитынын айтып ақталды.

Бағдарламамыздың тұрақты сарапшысы заңгер Айнұр Махметова егер ол ЖОО-да әскери кафдерасында білім алып жатқан болса,онда оған әскерге бару аса қатты міндеттелмейтінін айтты. Ал, егер де оған әскерге шақыру келсе онда міндетті түрде бару керек екенін, әйтпесе заң бойынша айыппұл төлейтінін түсіндіріп айтты.

Амангелді Әбдіхалықұлы ақсақал ауған еліндегі соғыста "Барлаушы" болған. "Каскад" отрядында жүріп жаудың қанша екенін есептеп, арнайы тапсырмаларды мүлтіксіз орындап шыққан. 

"Бізді тек 9 мамырда еске алады"- деп ренішін білдірді ауған соғысының ардагері. 

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 3
Астана -6
Актау 8
Актобе -4
Атырау 4
Б
Балхаш -4
Ж
Жезказган -5
К
Караганда -5
Кокшетау -2
Костанай 1
Кызылорда -1
П
Павлодар -6
Петропавловск -1
С
Семей 3
Т
Талдыкорган 7
Тараз 5
Туркестан 1
У
Уральск -1
Усть-Каменогорск 6
Ш
Шымкент 0

 

Редакция Реклама
Социальные сети