42 500 теңге алуға шетелге көшіп кеткендер мен қайтыс болғандар атынан өтініш түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

42 500 теңге алуға шетелге көшіп кеткендер мен қайтыс болғандар атынан өтініш түскен Фото: Әлихан Сариев

Қазақстанда шетелге көшіп кеткен не дүниеден өткен адамдардың атынан да әлеуметтік төлем алуға өтініштер түскен. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда шетелге көшіп кеткен не дүниеден өткен адамдардың атынан да әлеуметтік төлем алуға өтініштер түскен. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем кімдерге және не үшін берілмеген түсіндірді.

"Кей жұмысшы мен жеке кәсіпкерлерге 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілмеді. Оның себептеріне тоқталып өткім келеді. Ең алдымен, зейнетақымен қамсыздандыру, сондай-ақ, әлеуметтік аударымдар жүйесіне қатысу өтілінің болмауына байланысты бірқатар себеп бойынша төлем жасалмады. Шектеу шаралары кезінде зейнетақы жарнасының төлемі арқылы азаматтарымыздың табысы керісінше көбейгенін байқадық. Тиісінше, оларға әлеуметтік төлем берілген жоқ. Одан бөлек екі жақтан табыс келу дерегі де тіркелді. Жұмысшы төтенше жағдай кезінде екі қызметтен табыс көріп отырған. Сондықтан, ондай тұрғындарға төлем берілмеді", - деді Сарбасов.

Сондай-ақ, вице-министр әлеуметтік төлем алуға жалған өтініштер де түскенін мәлімдеді.

"Еліміздің дүниеден өткен азаматтары атынан жалған өтініштер түсті. Сонымен қатар, шетелге көшіп кеткен, яғни тұрғылықты мекені ауысқан азаматтардан да өтініштер болды. Ал өтініш жіберген кей тұрғын бұған дейін мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отырған. Сондықтан, осындай негіздерге сүйене отырып, әлеуметтік төлем тағайындалмады", - деді ол.

Ақмади Сарбасов әлеуметтік төлем төтенше жағдай біткенге дейін, яғни 11 мамырға дейін түскен өтініштер ғана қарастырылатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы -1
Астана -4
Актау 2
Актобе -2
Атырау -1
Б
Балхаш 0
Ж
Жезказган -3
К
Караганда -2
Кокшетау -2
Костанай 2
Кызылорда -3
П
Павлодар -2
Петропавловск -3
С
Семей 0
Т
Талдыкорган 1
Тараз 5
Туркестан -1
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 5
Ш
Шымкент -4

 

Редакция Реклама
Социальные сети