"30 автомат пен 27 тапанша жоғалған". Түркістан облысында қарулы сарбаз қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

"30 автомат пен 27 тапанша жоғалған". Түркістан облысында қарулы сарбаз қашып кеткен Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады. 

20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған. 

"Сол уақытта атыс қаруының саны азайғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күшімен әскери қызметкер мен жоғалған қаруларды іздеу және ұстау бойынша шұғыл шаралары жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар. 

Tengrinews.kz оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне жіберген мәлімет бойынша, оқиға №10216 әскери бөлімінде болған. Бұл Шымкенттен 30 шақырым жердегі Бадам ауылы.

Сол хабарламада 20 ақпанға қараған түні кіші сержанттың қызмет орнын өз еркімен тастап кеткені айтылады. Ол өзімен бірге 30 Калашников автоматы мен 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ-дәрі алып кеткен делінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 1
Астана -5
Актау 1
Актобе -3
Атырау 0
Б
Балхаш -1
Ж
Жезказган -2
К
Караганда -3
Кокшетау -3
Костанай 1
Кызылорда -3
П
Павлодар -2
Петропавловск -1
С
Семей -3
Т
Талдыкорган 2
Тараз 3
Туркестан 0
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 5
Ш
Шымкент -6

 

Редакция Реклама
Социальные сети